Діннің қоғамдағы рөлі
Діннің қоғамдағы рөлі

Дін - саналы адам пайда болған уақыттан бері адамзатпен жасасып келе жатқан рухани құндылық. Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазіргі кезде жаңартылған əлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мəдениеттің артуындағы Қазақстандағы діннің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Рухани мəдениет — бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірге, адамгершілікке, тəрбиелікке, бірігіп қимыл жасауға Қазақстандағы діннің шарттарын үйренуге жəне өркендеудегі əлеуметтік мұра ретінде қарастырылады. Тек 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Қазақстан азаматтарына дін ұстану еркіндігі берілді. Ата дініміз-ислам діні жанданып қазақ халқымен қайта қауышты. Жер-жерде жаңадан мешіттер салына бастады. 2015 жылғы санақ бойынша(халық саны 16,5 миллион) халықтың 71% мұсылмандар, 25% христиандар, 4%  өзге дін өкілдері және атеисттер мен діншіл емес адамдар екені анықталды. Тағы да сол жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда мұсылмандарының  2756 дiни бiрлестiгi, 40-тан астам әртүрлi діндер мен діни ағымдарды  ұстанушылардың 1238 ұйымы заңды тіркеліп өз жұмыстарын жалғастып жатқандығы расталды. Еліміздегі қазіргі діни ахуал және конфессиялық кеңістіктің алуан түрлілігі жағдайында дінтану мамандығының  пайда болуы өте маңызды. Соған орай Қазақстандағы білім беру саласында тәуелсіздіктен кейін қарқын алған үрдістердің бірі дінтану мамандарын даярлау болып табылады. Еліміздегі дінтану мамандары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде даярланады. Дінтану мамандарын даярлауда қазір «дінтанушы – дінтану пәнінің оқытушысы», «дінтанушы – ислам теологиясы бойынша сарапшы», «дінтанушы – христиан теологиясы бойынша сарапшы», «дінтанушы – жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы», «дінтанушы – мемлекет-дін қатынастары бойынша сарапшы», «діни бірігейліктегі конфликт»  бейіндік бағыттары қалыптасқан.

 Ел саясатының бәсекеге қабілетті дін қызметкерлерін даярлаудағы түпкі мақсаты – елде ұлтаралық және конфессияаралық қатынас мәдениетін орнату, діни экстремизм мен фанатизмге қарсы күресе білетін құзірет қалыптастыруды жүзеге асыру. Дін мен қоғам арақатынасын, діни құндылықтардың ұлттық бірлікті сақтаудағы орны мен рөлін зерделеу әрқашан өзекті болып қала бермек. Еліміздің қоғам өмірі мен адамаралық қатынасты тұрақтандыру ісі дін саласы мамандарына үлкен жауапкершілік жүктері сөзсіз.

 

ҚҰРМАНАЛИЕВА АЙНҰР ДҮРБЕЛЕҢҚЫЗЫ

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі

филос.ғ.д., профессор

 

Манарбек Беимбет Манарбекулы.
Конфликтегі діни бірегейлік мамандығының 2-курс магистранты
https://www.kaznu.kz/

БеимбетБеимбет
4 года назад 2893
0 комментариев
О блоге
0
0 0 0 0 0