ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Мақала қазіргі уақыттағы жаһандық аса өзекті тақырыптардың бірі – діни экстремизм мәселесі жайында. Болашақтағы қоғамның қауіпсіздігі үшін бұл мәселені қазір, әр қырынан терең зерттеу өте маңызды. Қазақстанда діни экстремизммен күресу және оның алдын алу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде жарияланған. Себебі, Қазақстан Республикасы - көп ұлтты, көп конфессиялы, зайырлы мемлекет. Осы орайда экстремистік әрекеттерді тудыратын себептерге баса назар аудару аса үлкен мәнге ие. Еліміздің егемендік алғанына биыл отыз жыл толады. Бүгінгі күндерге дейін жеткен жетістіктеріміз аз...